Мемлекетаралық іздеуде жүрген рецидивист ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген рецидивисті ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Қостанай облысының 39 жастағы тұрғыны тонау жасағаны үшін сотталып, бас бостандығын шектеу жазасына кесілген. Дегенмен ол заңмен белгіленген жазаны өтемей, ізін суытқан. Ақпан айының соңында Рудный қаласының полиция бөлімі оған мемлекетаралық іздеу салды. Іздеудегі қылмыскер Петропавлдың тумасы болғандықтан, солтүстікқазақстандық полицейлер қылмыскердің жүруі мүмкін жерлерін мұқият тексерді. Жедел-іздестіру шаралары барысында оның жүрген жері анықталды. Ер адам таныс әйелдің үйінде жасырынып, спирттік ішімдіктерді асыра пайдаланған екен. Ол ұсталып, уақытша қамауда ұстау изоляторына қамалды, іздеудің бастамашысына хабарлама жіберілді.

«Іздеудегі адам түрлі қылмыс жасағаны үшін бірнеше рет істі болған. ҚР Қылмыстық кодексінің 44-бабы «Бас бостандығын шектеу» талаптарына сәйкес жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылады. Қылмыскерлерді іздестіру – криминалдық полиция қызметкерлерінің маңызды жұмыс бағыты. Жыл басынан облыс аумағында төрт қылмыскерге іздеу жарияланды, оның екеуі ұсталды. Бұдан бөлек, криминалдық полиция қызметкерлері Қазақстанның басқа өңірлері үшін үш қылмыскерді ұстады, – деді СҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров.

Сондай-ақ...