Нұр-Сұлтанда COVID-19 жұқтырғандардың саны күрт артты

Жыл басынан бері елордада 7 жарым мың адам коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, соңғы күндері тіркелген жағдайлар саны 70-тен 143-ке дейін артты. Соған сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидахуал «тұрақсыз» деп бағаланады. Бұл жөнінде елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді. Онлайн брифинг барысында 1200-ден аса оқушының вирус жұқтырғаны және 89 мектептің карантинге жабылғаны айтылды. 22-сі әлі есігін ашқан жоқ. Осыған байланысты мектептегі каникул биыл сәл ерте басталады. Яғни балалар 20 наурыз бен 31 наурыз аралығында демалады. Бұған қоса, қалада бұқаралық шаралар өткізуге тыйым салынды. Оның ішінде алдағы наурыз мерекесі де бар. Мониорингтік топтардың жұмысы күшейеді деді Сархат Бейсенова.