Елордада көлік ұрлағандар қолға түсті

Елордада ащы суға тойып алғандар алты бірдей автокөлікті ұрлауға әрекет жасаған.

Алғашқы айдап кеткен көліктің орта жолда аккумуляторы отырып қалса, екінші көлік те бұзылып қалған. Күдіктілер көлікті біраз жерге дейін итеріп барыпты. Олардың қылмысы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ұрылар көлік салонындағы заттарды да қолды қылған. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ...