430,73 519.25 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Рекорд: ақпанда тұрғын үй бойынша жасалған келісімдер саны 41 101-ге жетті

  • 143
  • UPD: 23:16, 12.03.2021

Ақпан айында елімізде тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 41 101 келісім жасалған.

Бұл қаңтар айымен салыстырғанда 90,5 процентке көп, деп жазады krisha.kz. Рекордтық көрсеткіштер зейнетақы жинақтарын пайдаланумен байланысты.

ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Маңғыстау (6.9 есе), Атырау ( 3.5 есе) облыстары мен Нұр-Сұлтанда (2.1 есе) жоғары көрсеткіш тіркелген.

Айдың көшбасшылары:

– Маңғыстау облысы – 6 639 келісім;
– Нұр-Сұлтан – 6 579;
– Алматы – 5 570.

Ал СҚО (523), Қызылорда (884) және Жамбыл облыстары (970) тізімнің төменгі жағында тұр.

Осы 41 101 келісімнің 32 133-і пәтерлерге тиесілі, ал 8 968-і – үйлер.

Хабар 24 телеарнасы