Елордада қызметтік ит есірткі саудагерлері жасырған героинді тауып алды

Жедел іздестіру шарасы кезінде 26 жастағы қала тұрғыны ұсталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тінту барысында қалтасынан 30 грамм есірткі табылды. Күдікті героинді сатумен айналысыпты. Оған есірткіні жеткізіп беріп отырған 29 жастағы қала тұрғыны екен. Оның үйін тінту кезінде «Эйзон» атты неміс овчаркасы 410 грамм героин тығылған жерді тауып берді. Оны сатумен айналысқан жігіт бұрын сотталған болып шықты. Жалпы арнайы операция кезінде құны 7 млн теңге болатын 2 мың доза есірткі заты табылды. Бұл қылмыстар бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.