433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде пандемия кезінде қылмыс 37% азайған

  • 223
  • UPD: 14:23, 12.03.2021
Елімізде пандемия кезінде қылмыс 37% азайған

Пандемия қоғамда қылмыс санын азайтуға ықпал етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көрсеткіш 37 процентке төмендеген. Бұл туралы осы Үкімет сағатында айтылды. Биыл қоғамдық орындарда жасалатын бұзақылықтар 50 процентке азайған. Тонау, қарақшылық сынды қылмыс екі есе қысқарған. Ал жол көлік оқиғалары 18 процентке аз тіркеліпті. Жалпы, індет кезінде полицейлер мен Ұлттық ұлан сарбаздары, жиыны 52 мыңнан астам маман күні-түні жұмыс істеді. Ақ халаттылармен бірдей қауіптің алғы шебінде жүрген 6 жарым мыңдай сарбаз вирус жұқтырған.

Хабар 24 телеарнасы