430,73 519.25 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ішкі істер органдарында 1400-ден астам қажетсіз лауазым жойылған

  • 76
  • UPD: 14:22, 12.03.2021
Ішкі істер органдарында 1400-ден астам қажетсіз лауазым жойылған

Ішкі істер органдарында штат саны 11 процентке қысқарып, 1400-ден астам қажетсіз лауазым жойылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арнайы қабылданған жол картасына сәйкес өзгерістер мұнымен шектелмейді. Алда ішкі істер органдарынан қажетсіз міндеттерді алып тастау жұмысы жалғасады. Мәселен, көші қон қызметінің кейбір жүктемесін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне беру жоспарланған. Бүгінде көші қон полициясы 60 қызметті атқарады. Босқындармен жұмыс, оларға әлеуметтік көмек көрсету, еңбек иммигранттарына жеке тұлғаларға жалданып жұмыс істеуге рұқсат беру. Көп жағдайда, дәл осы рұқсат беру міндеті жергілікті әкімшілік құзырында деді ведомство басшысы.

Хабар 24 телеарнасы