Алматыдағы хайуанаттар бағында қонжықтар дүниеге келді

Құрмабек, Ақжолтай және Герда есімді Тянь-Шань қоңыр аюлары зообаққа 2012 жылы әкелінген болатын, деп хабарлайды «Хабар 24».

2017 жылы Герданың Никола және Нельсон атты қонжықтар дүниеге келген. Ал 3 жылдан кейін міне тағы 2 қонжықпен толықты.

Айта кеткен жөн, аюдың бұл түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.