429,67 515.14 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында құтқарушылар бес адамды ауруханаға жеткізді

  • 114
  • UPD: 15:26, 12.03.2021
Қостанай облысында құтқарушылар бес адамды ауруханаға жеткізді

Қостанай облысында дауылды ескерту жарияланғанына үш күн өттіСоңғы тәулікте құтқарушылар бес адамды ауруханаға жеткізген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шұғыл медициналық көмек Арқалық қаласынан 30 шақырым жерде орналасқан Фурманов ауылының тұрғындарына қажет болды. Елді мекенді қар басып қалғандықтан, адамдар өз бетінше емдеу мекемесіне шыға алмаған. Осылайша, төрт ересек және үш жасар баланы арнайы техника аудандық ауруханаға жеткізіп тастады. Оларға қажетті ем-дом шаралары дер кезінде көрсетілді. Жалпы, өткен тәулікте аймақта ақ түтек бораннан жиырма адам құтқарылып, жеті көлік қар құрсауынан шығарылды.

Хабар 24 телеарнасы