Қамауда отырған 400 тұтқынның мерзімінен бұрын босатылғаны туралы хабарлама – фейк

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде еліміздің түрмелерінен 400 адам мерзімінен бұрын босатылғаны туралы жалған хабарламалар таратуда.

Өздерін кілем тазарту компанияларының өкілдері ретінде таныстыратын бұрынғы тұтқындар үйлерді аралап, тонап жүргендері туралы ақпарат – жалған, деп хабарлады stopfake.kz.

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Әлеуметтік желілерде сотталған 400 адамды Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босату туралы жалған ақпарат таратылуда. ҚР ІІМ ҚАЖ Комитеті бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтіндігін ресми түрде мәлімдейді», – деп хабарлады ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметі.

Ведомство сондай-ақ жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.