Әлеуметтік әріптестік пен еңбек қатынастарын реттеу комиссиясының отырысы өтті

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Кеңеске орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, кәсіподақ ұйымдары мен жұмыс берушілер бірлестіктері қатысты. Вице-премьер жұмыс орындарының сақталуын, жалақының уақытылы төленуін қамтамасыз ету, еңбек жанжалдарының алдын алу сияқты мәселелер әлі де өзекті екенін айтты.

Ералы Тоғжанов «жұмысшылардың құқығы аяққа тапталмауы керек» деді. Жиын соңында Үкімет, кәсіподақ ұйымдары мен жұмыс берушілер бірлестіктерінің арасында 2021-2023 жылдарға арналған бас келісімге қол қойылды.