Елімізде бір тәулікте 55 адамнан коронавирус белгісі бар пневмония анықталды

Қазақстанда кейінгі тәулікте 55 адамнан коронавирус белгісі бар пневмония анықталды.

«11 наурыздағы жағдай бойынша, коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 55 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса, 181 адам сауығып шықты», - делінген хабарламада.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 49749, 653 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 44715-ке жетті.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК