Алматы әуежайында кешіктірілген рейстерге қатысты жедел желі іске қосылды

Алматы қаласының әуежайынан кешіктірілген рейстердің жолаушыларына кеңес беру үшін «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» ахуалдық орталығы 87172 79 82 29 нөмірі бойынша жедел желі телефонын іске қосты.

Жолаушылар рейстердің мәртебесі, оларды кешіктіру және тоқтату туралы ақпаратты осы нөмір арқылы ала алады.

Байланыс орталығы 24:00-ге дейін жұмыс істейді.