14 наурыз – Көрісу күні

Бүгін, 14 наурыз - Көрісу күні. Адамдар бұл күні өзара өкпе-ренішін кешіріп, араздықты ұмытып, бір-біріне амандық-саулық тілейді.

Көктемге аман-есен жеттік деп, дастарқан жайып, үлкендерге сәлем беріп, құттықтап жатады. Бұл дәстүрдің тарихына үңілсек ертеректе жапан далада қыс айларында мал баққан көпшенді халық бір-бірімен көрісе алмай, бір-бірін тек көктем келгенде наурыз айында ғана көре алған екен. Сол уақыттан бері көрісу дәстүр ретінде сақталып қалған.