Қауіпті болса «ирандық пештер» сатылмасын – Шымкент тұрғыны қауіпсіздік туралы

Шымкентте табиғи және улы газды жедел анықтайтын «ақылды дабыл қаққыш құрылғылар» орнатылуда.

Бұл әзірге пилоттық жоба. Құрылғы қаладағы «Сәуле» шағын ауданындағы он тұрғын үй мен №6 емханада іске қосылған. Жуырда дәл осы қондырғы орнатылған  жанұя табиғи газдан уланудан аман қалған. Аз қамтылған отбасының біріне орнатылған газ талдағыш «ақылды» құрылғы дыбыс берген.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, мұндай «ақылды газ талдағыш қондырғылар» қаланың 30 мың тұрғын үйіне орнату қажет. Жыл басынан бері қала аумағында 2 қайғылы оқиға тіркелген. Оның ішінде 1 адам қаза тауып, 2 адам жарақат алған.

Тойшыбай Исламов, қала тұрғыны:

- Бізде көпшілігі газ пештермен үйді жылытады. Ал жағдайы жоқтар иранский пешті қояды. Ол пештерді қолдануға болмайды олар қауіпті дейді. Оны мен түсінемін жарайды. Онда оны шекарадан кіргізбеу керек.

Мадияр Жақсыбаев, қалалық ТЖД бастығы:

- Датчиктер біріншіден табиғи газдан шыққан улы газды анықтайды. Өртті анықтайды және температураны анықтайды. Қала аумағында орналасқан әлеуметтік осал топтар сонымен қатар көп балалы отбасыларға қою мақсатымыз бар.