430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында туризмнің дамуы қарқынды

  • 148
  • UPD: 08:49, 14.03.2021
Ақмола облысында туризмнің дамуы қарқынды

Ақмола облысында соңғы 20 жылда демалыс орындарының саны шамамен 10 есеге көбейді. Ал олардың басым бөлігі Бурабайда орналасқан.

Айталық, «Щучинск-Бурабай» курортты аймағын дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында ел қазынасынан 60 млрд теңге бөлінді. Туризмді түлетуге бағытталған  мұндай кешенді жоспар республика көлемінде бұрын-соңды болған емес. Қазір аталған саладан облыстың бюджетіне де едәуір кіріс кіреді. Мәселен, 20 жыл бұрын жергілікті салық орындарына туристік нысандардан 60-70 млн теңге ғана түсім түсетін болса, қазір жылына 1 млрд теңгеден астам пайда келеді.

Шынарбек Батырханов, облыстық туризм және демалыс индустриясы қауымдастығының төрағасы

- 2000-2001 жылдары көрсетіп жатқан қызметтің көлемі тек қана 300-350 миллион болатын. Қазір 6 миллиардтан асты. Бір суткасына қанша адам қабылдайтын жағдайымыз, ол кездерде ең көбі 3 мың болатын. Қазір 12 мың адам, 12 мың турист бір суткадан қабылдайтын жағдайымыз бар.

Хабар 24 телеарнасы