433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда өткен тәулікте көктайғақтан жол апаты жиіледі

  • 158
  • UPD: 11:10, 14.03.2021
Алматыда өткен тәулікте көктайғақтан жол апаты жиіледі

Өткен түнде Алматыда көктайғақ болды. Күндіз тұман басып, қар аралас жабыр жауып, жалпы көлік қатынасына қолайсыздық туды.

Бірнеше жол көлік оқиғасы орын алды. Төтенше жағдайлар департаменті жүргізушілерге бүгін де мейлінше сақ болуды ескертеді.

Қазгидромет қалада қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін екенін хабарлады. Қала әкімдігі көлік иелеріне автобомильдерін жол жиегінде қалдырмауды өтінеді. Себебі олар көшелерді тазалауға кедергі келтіреді.

Абай болайық, ағайын.

Хабар 24 телеарнасы