Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 11 адам көз жұмды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына қатысты өңірлерде тіркелген қайғылы жағдай санын жариялады.

Министрліктің мәлімдеуінше, 12 наурыз күнгі дерек бойынша елімізде коронавирус инфекциясынан 11 адам көз жұмған.

Нұр-Сұлтан қаласы – 1 адам,

Алматы қаласы - 1 адам,

Алматы облысы – 2 адам,

Батыс Қазақстан облысы – 2 адам,

Қарағанды облысы - 4 адам,

Павлодар облысы - 1 адам қайтыс болған.

Сондай-ақ 14 наурыздағы мәлімет бойынша елімізде 18 973 адам коронавирус инфекциясынан (14 720 КВИ+ және 4 253 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5041 пациент стационарда, 13 932 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 232 адамның жағдайы ауыр;

• 47 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 33 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

ҚР ДСМ ресми сайтынан мәлімет