Дәрігер ұшақ апатынан зардап шеккен екі адамның жағдайы туралы айтты

Кешегі әскери ұшақ апатынан зардап шеккен екі азаматқа білікті дәрігерлер ем жүргізуде. Қазір олар Алматыдағы 4-ауруханада медицина мамандарының жіті бақылауында.

Олар ауруханаға кеше кешкі сағат 18:10-да жеткізілген. Содан бері жансақтау бөлімінде. Қаладағы кәсіби мамандардың кеңесімен тиісті көмек көрсетілді. Дәрігерлердің айтуынша, зардап шегушілердің жағдайы ауыр. Қазіргі уақытта білікті дәрігерлердің қатысуымен консилиум өтуде. Бұдан кейінгі емдеу барысы талқыланып, атқарылатын ем-дом нақтыланады. 

Жанат Дүйсенова, жансақтау бөлімінің анестезиолог-реаниматолог дәрігері:

- Қауіп сейілді деп айту қиын, өйткені жарақаттары ауыр. Күйік жарақатының ауырлығы ол бірінші күні байқалмайды. Екінші немесе үшінші тәулікте күйік жарақатының ауырлықтары байқала бастайды. Ол басқа органдарға әсер етіп, жағдайы күрт нашарлап кетуі әбден мүмкін.

Сондай-ақ...