433,32 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда жыл басынан бері жолдар 539 рет жабылған

  • 99
  • UPD: 11:40, 15.03.2021
Қазақстанда жыл басынан бері жолдар 539 рет жабылған

2021 жылдың екі айында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына 539 шектеу енгізілді.

500-ге жуық көлік қар құрсауынан шығарылды, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Атап айтсақ, жол учаскелері боран мен қатты желдің әсерінен жолда көрудің нашарлауы себебінен 329 рет жабылды. Шектеулер 78 мәрте көктайғақ, 34 рет ауа температурасының төмендеуі мен 98 мәрте көршілес өңірлердегі қозғалыстың шектелуіне байланысты енгізілді. Айта кету керек, жол учаскелерін жабу бойынша Ақмола көш бастап тұр. Мұнда биылғы жылдың екі айында жолдар 111 рет жабылды. Екінші орында Шығыс Қазақстан облысы тұр. Аталған өңірде шектеулер 66 мәрте енгізілді.

Жыл басынан бері жолшылар барлығы 500-ге жуық көлік құралына көмек көрсеткен болатын. Олардың 109-ы жылы бокстерге орналастырылды. Ал 800-ден астам адам «Қазақавтожол» ЖШС жылыту пункттеріне орналастырылды.

Айта кетейік, былтыр сәйкес кезеңде ел жолдары 676 мәрте жабылған болатын.

Хабар 24 телеарнасы