Алматыдағы құбылмалы ауа райы 17 наурызға дейін сақталады

Өткен тәуліктен бері түскен қардың қалыңдығы таулы аймақта 20 см-ге жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаладағы көктайғақтың алдын алу үшін жолдарға төрт мың тонна арнайы қоспа себілген. Жүргінші жолдары, аялдамалар мен жер үсті өткелдері талазануда. Қар тазалау жұмыстарына коммуналдық қызметтен 1140 жұмысшы мен 564 арнайы техника жұмылдырылған.

Айта кетейік, Алматыда наурыздың басында күн күрт жылынып, қар еріп кеткен еді.