Алматы облысында боран салдарынан үш жол бөлігі жабылды

Дәлірек айтқанда, облыстық маңызы бар 45 шақырымдық жол жабық, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қапал-Арасан-Көктөбе жолында да осындай жағдай. Барлық көлік түрлеріне аталған жол бөлігімен жүруге тыйым салынды. Сол себепті құтқарушылар жолаушыларға алыс жолға шықпау керектігін ескертеді.