Павлодарлық алаяқ тұрғындардың 100 млн теңгесін қалтасына басқан

Павлодар облысында қымбат автокөліктерді сатамын деп азаматтардың қаржысын қалтасына басқан алаяқ ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

«2021 жылғы 11 наурызда Павлодар қаласында жедел қызметкерлер алаяқтығы үшін іздеуде жүрген 1991 жылғы азаматты ұстады. Ұсталған адамның қылмыстық әрекеттерінің салдарынан жәбірленушілерге жалпы сомасы 100 млн теңгеден астам материалдық залал келтірілген. Оның алаяқтықтың тағы 40 фактісіне қатысы бар екені туралы ақпарат бар», – деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Полиция қызметкерлері күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Күдікті Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.