Түркістан облысында 20 мыңнан астам абонент жарықсыз отыр

Арыс пен Кентау қаласына қарасты елді мекендерде үзілген электр желілері қалпына келтірілді.

Ордабасы ауданында жағдай тұрақталып келеді. Ал Отырар мен Бәдібек аудандарындағы жұмыс бір айға созылуы мүмкін. Бұл туралы техногенді сипаттағы табиғи апаттың салдарын жоюға арналған жиында «Оңтүстік Жарық Транзит» компаниясының техникалық директоры мәлімдеді. Апатты жағдайға байланысты жедел штаб құрылған. Демалыс күндері Түркістан облысында ауа райы күрт өзгеріп, толассыз жауған жауын-шашын арты бұрқасын қарға ұласқан болатын. Ауа-райының қолайсыздығынан 2 мыңнан астам электр бағаналары құлап, 3 аудан мен 2 қалада 25 мыңнан астам абонент жарықсыз қалды. Оқиға орындарында жарық беруші мекеменің 20 бригадасы мен 100-ден астам адамы жұмылдырылған.

Архабай Тастанов, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС техникалық директоры:

- Отырар ауданына 110 КВт кернеу бермесек, сол напор бізге керек болады. Қалғанының бәрін өзіміздің бюджеттен қарап, өзіміз істейміз.          

 – Қанша уақыт істейсіңдер?

 – Ордабасы ауданын апта соңына дейін бітіреміз. Отырар мен Бәйдібек бізге ауыр түседі. Ол жерде 9-11 метрлік бағаналар құлаған. Солар уақытты алады. Ары барса 1 ай деп отырмыз.

– 1 ай дегенді білмеймін. 1 аптада бітіріңдер.