Инвестициялауды 10 доллардан бастауға болады – мамандар

Құнды қағаздар мен акцияларға инвестиция құюды 10 доллардан бастауға болады.

Ол үшін брокерлік шот ашып, түсініксіз құжаттарды толтырудың қажеті жоқ. «Астана халықаралық қаржы» орталығының мамандары жас инвесторлар үшін бұл процесті оңтайландырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни қор нарығына кіріуге мүмкіндік беретін мобильді қосымша ойлап тапты.

Құнды қағаз бен акциялар бірден табыс әкеле қоймауы мүмкін. «Бірақ қазір аздап жинау арқылы бірнеше жылдан кейін пайдасын көруге болады», - дейді мамандар.

Мобилді қосымша арқылы пайда табудың екі жолы бар. Оның бірі – сатып алған акциялардың қымбаттауы. Екіншісі – дивиденттер алу. «Астана халықаралық қаржы» орталығының мамандары ойлап тапқан «Табыс» деп аталатын қосымшада 9 биржалық нота бар. Оның ішіне АҚШ-тың ең ірі 500 компаниясының акциялары мен мұнай және алтын кіреді. Үшеуі пайданы купонмен төлейді. Тапқан ақша қосымшада ашылған жеке шотқа түседі. Қаржыны банк картасына аударып алуға мүмкіндік бар. Мамандардың айтуынша, қосымшаны қолданушылардың орташа капиталы 240 доллар. Биржа арқылы түскен табыстан салық алынбайды.

Елена Пак, Astana International Exchange қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы:

- Қор нарығына алғаш рет инвестиция салатын адам мыналарды ескеруі керек. Ең бірінші салатын қаржы қарызға алынғаннемесе қажет болмауы керек. Ол артық ақша болғаны жөн. Жоғалтып алсаңыз, өкінбейтіндей болған дұрыс. Екіншіден, қаржыны әртүрлі салаға немесе компанияға салған абзал. Бірінде жоғалтсаң, екіншісінен пайда табасың. Осылайша, тепе-теңдікті сақтауға болады.

***

130 мың отандасымызды брокерлік есепшот бар

Негізі елімізде қор нарығында брокерлік есепшот ашып, ақшасын айнадылырып жүргендер баршылық. Олардың саны 130 мыңға жуықтайды. Бірақ 15 мыңдайы ғана белсенді. Қаржыгерлердің көбі отандық биржадан көрі шет елдің қор нарығына кетіп жатады. Себебі онда мүмкіндік көп. Біздің қор нарықта құнды қағаздар аз. Жергілікті биржаға қызығушылықтың төмен болуына жалғыз себеп бұл емес. «Финометр кз» жобасының авторы Арман Батаевтың айтуынша, біздің нарыққа сенім де аз. Десе де, оның болашағы зор. Қазірдің өзінде бір миллиондай қазақстандықтың инвестиция жасауға мүмкіндігі бар.

***

БАӘ Қазақстан экономикасына $2,2 млрд инвестиция салады

Инвестиция тақырыбын жалғаймыз. Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстан экономикасына 2,2 миллиард АҚШ доллар инвестиция құяды. Мұндай келісімге Премьер-министр Асқар Мамин Абу-Дабиге жасаған сапарында қол қойды. Қос мемлекет 17 жоба бойынша келісімге келді. Олар бойынша Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанда құс фабрикасын, сүт өндіретін шығаратын ферма, жемістер мен саңырауқұлақ өсіру және өңдеу, туристік сала және электромобильдің бөлшектерін жасау сынды бірқатар жобаны жүзеге асырады. Сондай-ақ Қарағанды облысында қаланы сумен қамту, су тарату жобаларын жүзеге асырылмақ. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін жалпы капиталы 100 миллион доллар болатын ортақ қор құрмақ ниетте.

Айта кету керек, екі ел арасындағы барыс келісті жақсару мақсатында мамыр айында Абу-Даби – Алматы, Абу-Даби – Нұр-Сұлтан бағытында әуе рейсі ашылады. Жолаушыларды Wizz Air Abu Dhabi деп аталатын лоукостер тасамлдайды.

***

Әлемдік нарықта жасанды еттің үлесі 10%-ке жетуі мүмкін

Әлемде мал етінің баламасын жасайтындар мен тұтынушылар көбейіп келеді. Алдағы бес жылда ет нарығындағы вегатерияндық астың үлесі 10%-ке жетуі мүмкін. Америкалық Purdue University зерттеушілері осындай болжам жасады. Олардың айтуынша, қазір еттен алатын ақуызды өсімдіктен өндірудің түрлі тәсілдері пайда болды. Алдағы уақытта мал өсіріп, көл-көсір пайда тауып отырғандардың табысы кемуі мүмкін. Оның үстіне АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Джо Байденнің әкімшілігі экологиялық талаптарды қатаңдатып, шаруаларға салықты көбейту мәселесін қарастырып жатыр. Бұл өз кезегінде фермерлердің алаңдаушылығын туғызды NielsenIQ зерттеу орталығының мәліметіне қарағанда, 2021 жылы ет нарығының 1,5%-і өсімдіктен жасалған өнімнің үлесінде болды. Жылдық өсім 0,3%-ке тең.

Енді валюта бағамына тоқталсақ. Еліміздің ұлттық банкі АҚШ-тың бір долларын 418 теңге 82 тиынға бағалады. Еуро 499 теңге 44 тиынға тең. Ал Ресей рублі 5 теңге 73 тиын деп белгіленді.

Сондай-ақ...