Алматы облысында із-түзсіз жоғалған жасөспірім табылды

Алматы облысының тәртіп сақшылары із-түзсіз жоғалған жасөспірімді іздеп тапты, деп хабарлады Polisia.kz.

2004 жылы дүниеге келген жеткіншек 12 наурызда Жамбыл ауданындағы үйінен белгісіз бағытта шығып, оралмаған. Баланың жоғалғаны туралы өтініш түссімен барлық полиция бөлімдеріне бағдар жолданды. Нәтижесінде Еңбекшіқазақ АПБ ЖПҚБ ювеналды полиция тобының қызметкері Дәурен Құрманқазиев із-түзсіз жоғалған жасөспірімді бір күннен кейін Есік қаласы көшелерінің бірінен байқап, оны ата-анасына аман-есен табыстады. Өз кезегінде баланың ата-анасы полицейлерге ризашылығын жеткізді.