430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-дағы эпидахуал нашарлап барады

  • 125
  • UPD: 13:36, 16.03.2021
БҚО-дағы эпидахуал нашарлап барады

Батыс Қазақстан облысының коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша «қызыл» аймаққа енгенін айттық.

Аймақта эпиджағдай нашарлап барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тек өткен тәулікте 34 адамнан қатерлі індет анықталған. Ал, наурыз айы басталғалы бері 700 адам ауырған. Инфекцияның таралуы негізінен қоғамдық көліктер мен қоғамдық орындарда, сондай ақ той-томалақтарда жиі байқалады екен. Қазіргі таңда өңірдегі стационарлардың тең жартысы сырқаттармен толуына байланысты қосымша 2 мың кереует дайындалған. Алда мереке күндері келе жатыр.

«Сондықтан 4-5 күн жағдайды бақылаймыз. Егер жағдай тұрақтанбаса, қатаң шаралар алынатын болады», -дейді мамандар.

Хабар 24 телеарнасы