Елімізге шетелден келген төрт жолаушыдан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте елімізге 20 халықаралық әуе рейсімен 2450 жолаушы келген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың 150-інде ПТР анықтама жоқ. Енді бұл азаматтар ПТР-талдау нәтижесі шыққанға дейін карантиндік стационарларда болады. Сондай-ақ алдыңғы тәулікте анықтамасыз келген 793 адамның төртеуінен коронавирус анықталды. Олар «Шарм әл-Шейх – Нұр-Сұлтан» рейсімен келгендер.