Түркістан облысында көліктен секіріп кеткен жүргізуші жауапкершілікке тартылды

Түркістан облысында жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші анықталды. Ол Шымкент – Самара тас жолында көлігінен секіріп кеткен.

Жүргізуші – Шымкент қаласының тұрғыны. Шетелдік маркалы автокөлік тізгінінде болған. Төрткүл ауылының маңына жақындаған тұста көлігін басқарып келе жатып есігін ашып, жолға секіріп кетеді. Бұл бейнежазба әлеуметтік желіде тез тарады. Жүргізуші аман. Жергілікті полиция департаменті оның кім екенін анықтап, жол ережесін өрескел бұзғаны үшін қатаң жауапкершілікке тартты. «Қозғалыс кезінде мұндай әрекеттің соңы жазатайым жағдаймен аяқталуы мүмкін еді», - дейді тәртіп сақшылары. Сондықтан жүргізушілерді жол ережесін сақтауға шақырады.