Ақтөбеде баласын бақыламаған ата-аналарға ескерту жасалды

Ақтөбеде түн мезгілінде көше кезетін жасөспірімдер көбейе түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үш күнде полиция бөлімдеріне 187 кәмелетке толмаған бала жеткізілді. Олардың басым бөлігі беймезгіл уақытта көше кезіп қыдырған. Қоғамдық орынды ластаған жасөспірімдер де бар. Ата-аналарға хаттама толтырылып, ескерту берілді. Ювеналды полиция инспекторлары мұндай рейдтік жұмыстарды алдағы уақытта да жүргізбек.

Нұржан Мукумов, ПД Ювеналды полиция тобының аға инспекторы:

- 18 ата-ана баласының тәрбиесімен айналыспағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Яғни, ол ішімдікке салынып, әбден тәрбиесімен айналыспай жүрген ата-аналар. Олар кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссиясында қаралады. Одан әрі тиісті шешімдер қабылдамаса, ата-аналар, ата-ана құқықынан айрылады.