433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде «Игі істер марафоны» жалғаса береді

  • 163
  • UPD: 15:17, 16.03.2021
Елімізде «Игі істер марафоны» жалғаса береді

Игі істер марафоны тоқтамайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жүйелі түрде жалғаса жалғаса береді. Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы осылай деді. Бұл жоба Президент пәрменімен жүзеге асып жатыр. Әрбір өңір әкімдігі волонтерлерді жұмылдырып, жағдайы жұтаң жандарға көмек көрсетіп жатыр. Былтыр «Біз біргеміз» атты акцияның өткенін білесіздер. Мынау соның жалғасы.

«Игі істер марафоны» наурыз айында басталған. Осыған дейін волонтерлер тұрмысы нашар отбасыларға азық-түлік себеттерін таратқан еді. Енді Ұлыс күні қарсаңында сенбіліктер ұйымдастырмақ.

Хабар 24 телеарнасы