Елордада рұқсатсыз орынға қоқыс шығарған кәсіпкерлеге үш млн теңге көлемінде айыппұл салынады

Санкцияланбаған қоқыс үйінділерінің пайда болуын болдырмау, сондай-ақ елорда аумағының экологиялық жағдайын сақтау мақсатында қалада құрылыс объектілерінің тиісті қағидаларды сақтауы және экополигонға құрылыс қоқыстарын шығару жөніндегі шарттық міндеттемелерді орындау тұрғысынан рейдтік тексерулер мен мониторинг жүргізіледі, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Мәселен, 2021 жылдың ақпан және наурыз айларында Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті табиғат қорғау полициясы бөлімшесінің қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабының «абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін» шағын және орта бизнестің 151 субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 29 құрылыс ұйымы мен 31 мердігерлік ұйымға жалпы сомасы үш млн теңге айыппұл салынды. Белгіленбеген орында қоқыс шығарғаны үшін жүк көлігінің 10 жүргізушісіне 460 мың теңге айыппұл салынды.

Айта кету керек, рейдтік шаралар ары қарай да жалғасады. Заңды қасақана бұзушыларды құрылыс лицензиясынан айыруға, жүк тасымалдау қызметін тоқтатуға дейінгі қатаң шаралар қолданылатын болады.