Ақтау – Алматы бағытындағы ұшақтың жолаушысы рейстен түсірілді

Ақтау – Алматы бағытындағы ұшақтың жолаушысы рейстен шығарылды.

Бұл туралы lada.kz «SCAT» әуекомпаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Оқиға 15 наурызда болған.

Жолаушы алкогольдік мас күйде экипаж мүшелеріне қоқан-лоқы көрсеткен. Оған екі рет ескерту жасалды, үшінші рет ескерту алғанда ол ұшақтан түсірілді.