433,55 515.14 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елде жазасын өтеп жатқандарға вакцина салына бастады

  • 116
  • UPD: 17:25, 16.03.2021
Елде жазасын өтеп жатқандарға вакцина салына бастады

Алдымен елордадағы түзету мекемесінде жатқандарға екпе салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тоғызыншы наурыздан бастап 100 адамға вакцина салынған екен. Тағы 60 адамның екпеден бас тартқаны мәлім болып отыр. Осыған дейін Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл және Қызылорда облыстарында орналасқан түзету мекемелерінде қызмет қылатындарға вакцина салынған еді. Қалған аймақтарға кезек енді келеді. Қазір Қазақстанда 80 түрме бар. Онда 32 мың адам жазасын өтеп жатыр. 

Хабар 24 телеарнасы