А.Гинцбург: Қазақстанда коронавирустың жаңа штамдары болуы мүмкін

Елімізде коронавирустың жаңа штамдары болуы мүмкін.

Гамалеи орталығының директоры Александр Гинцбург осылай деді. Ресейлік маман тап қазір қазақстандық журналистерге онлайн-сұхбат беріп жатыр. Айтуынша, әлемді табаға салып қуырып тұрған індеттің «британдық» штамы Ресейде де, Қазақстанда да анықталмаған. Бірақ бұл кесел басқаша түрленіп кетуі әбден мүмкін. Оны қазір біле алмаймыз. Өйткені екі елде де ондай зерттеулер жасалып жатқан жоқ. Сол себепті Гинцбург қазақстандық және ресейлік вирусологтар бірлесіп, кеселдің жаңа штамдарын анықтауға күш салулары керек. Сол арқылы аурудан келетін жаңа қауіп-қатерлерге төтеп бере аламыз дейді.