433,55 515.14 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жексенбі күндері қоғамдық көліктер жүрмейді

  • 155
  • UPD: 18:03, 16.03.2021

Елде коронавирус індетінің таралуына байланысты наурыздың 18-нен бастап шектеу шаралары күшейеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кинотеатрлар мен шоурумдардың жұмысы тоқтатылады. Қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты қысқарады. Жексенбіде базарлар, халыққа қызмет көрсету орталықтары, Қазпошта бөлімшелері мен барлық сауда-ойын сауық орталықтары жабық болады. Бұл күні қоғамдық көліктер де жүрмейді. Демалыста фитнес, спорт-сауықтыру және спа орталықтары, монша сынды нысандар да жабық болады.

Ержан Байтанаев, ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі:

– Наурыздың 22, 23 және 24-і күндері қоғамдық тамақтану орындары мен сауда ойын сауық орталықтары ашылады. Бірақ олардың жұмыс уақыты қысқарады. Мәселен, мейрамханалар кешкі сағат 10-ға дейін, ал орталықтар 8-ге дейін ашық болады. Азаматтарымызды Наурыз мейрамын тек отбасымен ғана тойлауды сұраймыз. Қонаққа барып, қоғамдық орындарда жиналмауды ескертеміз. Ал бизнес өкілдері заңды бұзбай, өз тамақтану орындарын уақытылы жабу керек.

Хабар 24 телеарнасы