Вакцинаның пайдасы халыққа дұрыс түсіндіріліп жатқан жоқ – Асқар Мамин

Әкімдіктердің сайтында вакцина туралы нақты ақпарат жоқ.

Пайдасы халыққа жете түсіндірілмейді. Мұны Үкімет отырысында премьер-министр айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Асқар Мамин осы бағытта жұртқа түсіндіру жұмысын жүргізуді міндеттеді. Ал денсаулық сақтау министрлігі айдың соңына дейін егу пункттерінің дайындығын пысықтауы тиіс.    

Асқар Мамин, ҚР премьер-министрі:

– Вакцинациялау коронавирус инфекциясының таралуына қарсы маңызы үлкен фактор болып табылады. Сондықтан қазір оған қолжетімділікті қамтамасыз ету және жаппай егу пандемиямен күресудегі басты міндет болып отыр. Бұл шаралар тұрғындарда ұжымдық иммунитет қалыптастырып, инфекцияның одан әрі тарауын шектейді. Осы фактор пандемиямен күресуде және экономикалық өсімді қалпына келтіруде аса маңызды болып табылады. Әкімдіктердің сайтында вакцинациялау оның пайдасы мен егу пунктері мен мекенжайлар туралы нақты ақпарат жоқ. Халық арасында вакцина туралы дұрыс пікір қалыптастыру үшін қоғам мен медицина қызметкерлерінің арасында семинарлар ұйымдастыру керек. Денсаулық сақтау министрлігінен наурыз айының соңына дейін егу пункттерінің дайындығын бақылап, вакцинаны қажетті көлемде уақытылы жеткізу үшін барлық мәселелерді шешуді тапсырамын.

Сондай-ақ...