433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ертіс өңіріндегі алюминий зауытында төгілген сілті ерітіндісі елді дүрліктірді

  • 128
  • UPD: 20:13, 16.03.2021
Ертіс өңіріндегі алюминий зауытында төгілген сілті ерітіндісі елді дүрліктірді

Осы жағдай әлеуметтік желілерге тараған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Десе де, өндірістік ошақ қызметкерлері бұл апатты жағдай емес деп отыр. Жыл сайын күзгі-қысқы кезеңде зауытқа ылғалдылығы жоғары боксит әкелінеді, шикізат бункерлерге жиналып қалады. Бұл ақауды жою үшін су пайдаланылады. Егер технологиялық процесс дұрыс жүргізілмесе, сұйықтық цех аумағына төгіліп кетеді. Мамандар мұны қалыпты жағдай дейді. Ресми мәліметтерге сүйенсек, қазіргі уақытта ерітінді арнайы құрылғымен сорылып жатыр. Зауыт мамандарының айтуынша, бұл сұйықтық қоршаған ортаға және зауыт қызметкерлерінің денсаулығына қауіпсіз. Зардап шеккендер жоқ.

Александр Фролов, Павлодар алюминий зауытының директоры:

– Видеодағы сұйықтық – шикі қойыртпақ. Яғни өңделген ерітінді мен бокситтің қоспасы. Өңделген ерітінді дегеніміз – сілтілі ерітінді. Осылайша, бокситті сілтісіздендіріп, одан алюминий оксидін аламыз, яғни глинозем шығарылады. Сұйықтық төгіліп кетті. Алдымен сұйық, кейін қатты фазасын аламыз.

Хабар 24 телеарнасы