БҚО-да эпидемиологиялық жағдай нашарлап барады

Егер алдағы 3-4 күнде жағдай оңалмаса карантиндік шаралар күшейтіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кету керек, өңір бүгін қызыл аймаққа енді. Мұнда соңғы тәулікте 51 адамнан вирус анықталған. Олардың көбі – облыс орталығының тұрғындары. Қала билігінің мәлімдеуінше, алдағы Наурыз мерекесіне байланысты іс-шаралардың 80 проценті онлайн форматта өтеді. Жедел штабтың отырысында өңір басшысы мектептерде, қоғамдық көліктер мен тамақтану орындарында санитарлық нормалардың қатаң сақталуы қажет екенін айтты. Ал дәрігерлер облыс тұрғындарына көпшілік қатысатын іс-шараларға бармауды ұсынып отыр.  

Арман Қалибеков, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а:

– Батыс Қзаастан бүгіннен бастап қызыл аймаққа кірді. Қазір стационарарда 50 процент толып жатыр. Реанимацияда 24 пайыз құрайды. Батысқазақстандықтардан сұрайтынымыз, адам көп баратын жерлерге бармаңыздар. Облыс әкімі Наурыз мерекесін онлайн өткізуге тапсырма берді.