429,76 515.14 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыдағы карантин: «Медеу» мұз айдыны жабық болады

  • 163
  • UPD: 10:37, 17.03.2021
Алматыдағы карантин: «Медеу» мұз айдыны жабық болады

Алматыда азық-түлік сататын базарлар жабылады. Ал дүкендер түнгі 12-ге дейін ғана жұмыс істейді.

Қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулығы қол қойды.

Құжатқа сәйкес, 20 наурыздан бастап карантин талаптары тағы күшейеді. Мәселен, демалыс және мереке күндері қоғамдық көліктердің жүру уақыты қысқарады. Яғни таңертең 6-дан 10-ға дейін, ал кешке 17:00-ден 22:00-ге дейін жүреді. Ойын сауық орталықтары мен сауда орындары да демалыста жұмыс істемейді. Кинотреаторлар мен концерт  залдарға қатысты да осындай талап бар. Тіпті «Медеу» мұз айдыны да енді келушілерді қабылдамайды.

Хабар 24 телеарнасы