430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өткен тәулікте бес адам тікұшақ көмегімен ауруханаларға жеткізілді

  • 81
  • UPD: 11:56, 17.03.2021
Өткен тәулікте бес адам тікұшақ көмегімен ауруханаларға жеткізілді

16 наурызда ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» өндірістік-диспетчерлік қызметіне ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығынан науқастарды шұғыл тасымалдауға көмек көрсету үшін бес жедел өтінім берілді.

Елдің бес өңірінде тұрақты орналасқан жерінен санитариялық авиация желісі бойынша ұшуларды орындауға Eurocopter ЕС-145 және КА-32А11ВС әуе кемелері ұшып шықты. Шығыс Қазақстан облысында Ақжар ауылынан жаңа туған нәрестені, Ка-32А11ВС әуе кемесімен Алматы облысында Үшарал қаласынан әйелді, Маңғыстау облысында Жаңаөзен қаласынан нәрестені, Павлодар облысында Екібастұз қаласынан қарт ер адамды және Ақтөбе облысы Хромтау қаласынан қарт әйелді тасымалдады. Науқастар жедел медициналық көмек көрсету үшін жедел түрде ауруханаларға жеткізілді.

«Науқастарды тасымалдау бойынша барлық ұшулар Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының медицина қызметкерлері мен «Қазавиақұтқару» Төтенше жағдайлар министрлігінің авиациялық құтқару бөлімшесі ұшқыштарының үйлесімді жұмысының арқасында күндізгі уақытта және оқыс оқиғасыз сәтті аяқталды», - деп хабарлады ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» баспасөз хатшысы Алмаз Ғабдуллин.

Хабар 24 телеарнасы