Елімізде балалар ішкі рейстермен тегін ұшуы мүмкін

Тиісті заң жобасы қазір Парламент Сенатының қарауында. Құжатқа сәйкес, бұл бағдарлама 2 мен 14 жас аралығындағы балаларды қамтиды.

Тегін бағыттар тізімінде Алакөл, Алматыдағы таулы өңірлер, Щучье-Бурабай, Баянауыл, Имантау-Шалқар курорттық аймақтары, Балқаш көлі, Түркістан қаласы, Маңғыстау облысындағы демалыс орындары мен Байқоңыр космодромы бар. Тегін билет алған турист барған жерінде кемінде 5 күн, 4 түн тұруы қажет.

«Кидс гоу фри» аталатын функцияны тек отандық туристік өнімді сатып алу кезінде ғана пайдалануға болады.