Шаңды дауыл Атырауға жетті

Кеше Маңғыстау облысында көтерілген шаңды дауыл бүгін Атырауға да жетті. Қарға адым жерді көз көрмейді.

Төтенше жағдайлар департаменті жел жылдамдығының секундына 22 метрге дейін жететінін ескертіп, мұнайлы өңір тұрғындарына хабарлама таратқан. Шаңды дауыл салдарынан оқыс оқиға болған жоқ. Автокөлік жолдары да ашық. Әуежай қызметі де қалыпты. Десе де, жауаптылар тұрғындарға сақтанып жүруді ескертеді. Мұндай дауыл ертең де болуы ықтимал.