Квазимемлекеттік сектордағы сатып алулар туралы заң жобасы талқыланды

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында квазимемлекеттік сектордағы сатып алулар жөніндегі Заң жобасы талқыланды.

Төменгі палата өкілдері заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Квазимемлекеттік сектордағы сатып алулар бірнеше заңмен реттелген еді. Жаңа құжат сатып алулардағы ашықтықты қамтамасыз етіп, жемқорлық дерегін төмендетуі тиіс. Кәсіпкерлер үшін бірыңғай құқықтық мүмкіндік жасалып, бір көзден сатып алуды қысқарту мен  бюджет қаржысын үнемдеу көзделген. Сондай-ақ бұл қызмет ұсынушылар арасында бәсекелестіктің артуына ықпал етеді, деді депуттар. Жаңа заң сатып алу кезінде отандық тауар өндірушілерге басымдық берілуін қамтамасыз етеді.

Құжатқа сай, электрондық дүкендердің біріктірілуі ұлттық компаниялардың қажет көлемде ғана тауар алуына мүмкіндік бермек.