425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Байқоңырда вакциналау қарқынды жүріп жатыр

  • 259
  • UPD: 18:52, 17.03.2021

80 мыңдай байқоңырлықтың 10% проценті екпе салдырған. Бұл көрсеткіш Ресей Федерациясының қалалары бойынша 2-орында екен.

Жалпы ғарыш айлағында қызмет ететін әскерилер, полицейлер мен конструктор-инженерлерден бөлек Байқоңырда тұратын Ресей азаматтарының белсенділігі жоғары. Ресейлік құрылымдарда жұмыс істейтін Қазақстан азаматтарына да көрші елдің медициналық ұйымдары «Sputnik-V» салып жатыр. Ал Қазақстан тарапынан жұлдызды қалашыққа қос компонентті 80 доза вакцина жіберіліп, барлығы көп бейінді аурухананың дәрігерлеріне салынды. 400-ден астам маманы бар емдеу мекемесі иммундық жүйені қалыптастыратын екпенің келесі партиясын күтіп отыр. Ақ халаттылардан кейінгі кезек полиция, педагог-тәрбиеші және құтқарушыларда. Байқоңырдағы емхананың қызмет көрсету аймағында Ақай мен Төретам халқын қосқанда 43 мыңдай тұрғын бар. Жергілікті жұрттың да вакциналау науқанына қатысуға ынтасы жоғары көрінеді. 

Айнұр Жақыпова, эпидемиолог:

- Егер вакцина үлкен көлемде келетін болса біз Төретам ауылдық емханасынан 2-бекет ашамыз. Ол жақ толығымен дайын. Тек ғана бізге термоконтейнер берсе біз жұмысты бастауға дайынбыз. Ерікті түрде жүргізілуде. Егер халықтан келіп, өз еркімен аламыз деушілер болса міндетті түрде біз вакцина саламыз.

Хабар 24 телеарнасы