Ерлан Қиясов қазақстандықтарды мереке күндері карантин талаптарын сақтауға шақырды

ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады. 

Сондай-ақ ол мереке күндері карантин режимін ұмытпау керектігін еске салды.

«Сіздерді келе жатқан Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.

Мереке күндері коронавирустық инфекцияны алдын алу шараларын, әлеуметтік арақашықтықты, маска режимін сақтау қажет.

Азаматтарымызды, бизнес өкілдерін жағдайға барынша жауапкершілікпен қарап, басқаларға және өздеріне жұқтырмау үшін карантин режимі мен қарапайым алдын алу шараларын қатаң сақтауға шақырамын.

Коронавирустық инфекцияның жасы үлкен аталарымыз бен әжелерімізге аса қауіпті екендігін ұмытпаңыздар», – деді ол брифинг барысында.

Бұған дейін еліміздің «сары аймаққа» ауысқанын хабарлағанбыз.

Ал ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев вирус жұқтырғандар саны неліктен күрт көбейгенін айтты.

Сондай-ақ...