Қазақстан мен 14 ел арасындағы әуе қатынасы қалпына келтірілген

Қазақстанда коронавирустың жаңа штамдары анықталған жоқ.

Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов мәлімдеді.

«Қазақстан мен 14 ел арасындағы әуе қатынасы қалпына келтірілді, рейстер саны аптасына 95 рейске дейін көбейтілді. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына ең көп жолаушы келеді. Шетелден коронавирус инфекциясының тасымалдануы қаупі әлі де бар», - деді.

2020 жылдың 6 қазанынан бастап халықаралық рейстермен 322 600-ден астам жолаушы келді, оның 44 805-і (14%) коронавирусқа тексеруден өтті, 239 адамнан коронавирус анықталды. Автокөлік бақылау бекеттері арқылы мемлекеттік шекарадан 835 мыңнан астам адам өтті, оның 20%-і тексерілді, 809 адамнан коронавирус анықталды.

Қыркүйек пен қаңтар аралығында жүргізілген геномдық зерттеулердің нәтижелері бойынша Қазақстанда коронавирустың жаңа штамдары анықталған жоқ.