Коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 83 мыңнан астам адам салдырды

Елімізде коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 83 839 адам салдырды.

Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов ОКҚ брифингінде мәлімдеді.

«Елімізде коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жалғасуда. Қазіргі уақытта вакцинаның бірінші компонентімен 83 839 адам егілді. 22 ақпаннан бастап вакцинацияның екінші компонентін салу басталды, 19 312 адам вакциналанды. Қазіргі уақытта вакцинаның жағымсыз салдарлары тіркелмеген», - деді ол.

Вакциналау барлық аймақта жүргізілуде.

«Наурыз айының соңына дейін «Спутник V» вакцинасының 150 000 дозасы жеткізіледі деп күтілуде. Олар 1 сәуірге дейін аймақтарға таратылады. Осыған байланысты сәуір айында коронавирусқа қарсы вакцина алатындар контингентін кеңейту жоспарланып отыр», - деді Ерлан Қиясов.

Сондай-ақ...