433,55 515.14 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі артты

  • 102
  • UPD: 17:50, 17.03.2021
Биыл пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі артты

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2021 жылдың қаңтар-ақпанында тұрғын үй құрылысы бойынша 1 893 000 м2 астам тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 12,8% артық.

Республикада барлығы 15 807 тұрғын үй пайдалануға берілді, оның 5 487-сі жеке үйлер болып табылады, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

2021 жылдың қаңтар-ақпан айларының қорытындысы бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің артуы барлық өңірде байқалады:

Атырау (225,7%), Қостанай (123,5%), Павлодар (119,3%), Ақтөбе (118,7%), Маңғыстау (114,1%), Қарағанды ​​(113,6%), Батыс Қазақстан (112,6%), Атырау (112,4%), Солтүстік Қазақстан (111,4%), Ақмола (110,6%), Шығыс Қазақстан (107,9%), Жамбыл (102,8%), Қызылорда (101,9%), Алматы (101,6%), Түркістан (101,5%) облыстары мен Шымкент қаласы ( 456,5%), Алматы (110,9%) және Нұр-Сұлтан (106,4%) қалалары.

Сонымен бірге тұрғын үй құрылысына инвестициялар 231,2 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 36,5% жоғары.

Хабар 24 телеарнасы