Алматы облысында 20 наурыздан бастап қосымша шектеулер енгізіледі

Өңірдің бас санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы Асхат Чарапиевтің жаңа қаулысына сай Алматы облысында 20 наурыздан бастап қосымша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді 20 наурыздан бастап 24 наурызға дейін көңіл көтеру орындары мен компьютерлік және түнгі клубтардың, караоке-барлардың жұмысы тоқтатылады. Сонымен қатар сауда ойын-сауық орталықтары мен жабық базарлар, кинотеатрлар да жұмыс істемейді. Ал қоғамдық тамақтану орындары тек тапсырыс бойынша қызмет көрсетеді. Мешіттер мен шіркеулер, балаларға арналған кабинеттер мен білім беру орталықтары ашық болады. Бірақ ондағы адам саны 15-тен аспауы тиіс.